USD
USD
USD

Ерлан Сәрсембаев Әділет министрі лауазымына тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Ерлан Сәрсембаев
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. – Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындалды, – делінген хабарламада. 

Сәрсембаев Ерлан Жақсылықұлы 1975 жылы Алматы облысы Талғар ауданы Октябрь ауылында дүниеге келген.

Алматы энергетика және байланыс институтын "Радиоинженер" мамандығы бойынша (1997), Д.А. Қонаев атындағы Гуманитарлық университетін "Заңгер" мамандығы бойынша бітірген (2000).

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы (01.01.2023 ж. бастап).

«Ерен еңбегі үшін», «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен және бірқатар мерекелік медельдармен, сондай-ақ Жоғарғы Соттың, ҰҚК, Қорғаныс министрлігінің, ТЖМ-нің ведомствалық наградаларымен марапатталды.

Ал бұл қызметті оған дейін атқарған Азамат Есқараев Әділет министрі лауазымынан босатылды.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе