Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ерлан Өтегенов бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Ерлан Рақымжанұлы Өтегенов Қазақстан Республикасы бас прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Бас прокурордың орынбасары
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Ерлан Өтегенов 1976 жылы дүниеге келген, Қазақ мемлекеттік заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Алматы облысы прокуратурасының жанындағы прокуратура, сот органдарының құқықтық статистика және ақпарат орталығының талдау жұмысы бөлімінің бас маманы лауазымынан бастаған.

Әр жылдары Алматы облысы Талғар ауданының прокуроры, Алматы қаласы бойынша Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқарма бастығы, Қазақстан Республикасы Бас прокуроры аппаратында бас прокурордың аға көмекшісі, Астана қаласы прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған.

2022 жылдың мамырынан бастап Астана қаласының прокуроры қызметін атқарып келген. 3 сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі.

Қазір оқып жатыр

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.

Грантқа іліге алмағандарға тағы бір мүмкіндік бар

грант

Министрлік мектеп формасына қойылатын жаңа талаптарды түсіндірді

оқушылар