USD
USD
USD

Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты

Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов колониядан мерзімінен бұрын босатылды.

.
Фото: ҚФФ

Астана, NEGE. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті сот оның жазасының өтелмеген бөлігін айыппұлға ауыстырғанын хабарлады. Айыппұлдың мөлшері айтылған жоқ.

Ерлан Қожағапанов 2025 жылғы мамырда үш жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Тергеу мәліметінше, ол коммерциялық ұйымның мүддесін көздеп, 2018 жылы Петропавлда өткен Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық форумындағы көрмені өткізу туралы келісімнің сол компаниямен жасалуына ықпал еткен.

Форум шығынының сметасы негізсіз екі есе ұлғайтылған. Соның салдарынан бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалып, келтірілген залал 1 млрд теңгеге бағаланған.

Қазір оқып жатыр

Бұрын істі болған экс-депутат Жұманғариннің штаттан тыс кеңесшісі болды

Болатбек Әлиев

Ақтаудағы нөсерден кейін әкімдік мердігерді сынға алды

Ақтау

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram