USD
USD
USD

Ерлан Қошанов Қазақстан Халық кеңесінің төрағасы атанды

Бұрынғы Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Қазақстан Халық кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Ерлан Қошанов
Фото: Қазақстан Халық кеңесінің баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Бұл лауазымға Қошановтың кандидатурасын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынды. Президент оны жауапкершілігі жоғары, білікті, тәжірибесі мол тұлға ретінде сипаттады.

«Ол мемлекеттік қызмет жүйесінде ұзақ жыл еңбек етіп, бұл жұмысты абыроймен атқарды. Мәжіліс төрағасы ретінде ауқымды реформаларды іске асыруға белсене атсалысты. Енді Халық кеңесі төрағасы ретінде табысты жұмыс істеп, қоғамдық келісімді нығайтуға мол үлес қосатынына күмәнім жоқ. Сондықтан Ерлан Жақанұлы Қошановтың кандидатурасына мұқият назар аударып, қолдайсыздар деп сенемін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Ерлан Қошанов Қазақстан Халық кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Қошанов жаңа қызметіндегі алғашқы сөзін Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Халық кеңесі төрағалығына кандидатурасын ұсынғаны үшін ризашылығын білдіруден бастады. Сондай-ақ Кеңес мүшелеріне қолдау білдіргені үшін алғыс айтты.

«Бүгін – барлығымыз үшін айрықша күн. Біз ел өмірінде ерекше орын алатын жаңа институттың қалыптасқанына куә болып отырмыз. Оның жұмысына тікелей араласу құрметіне ие болдық. Мемлекетіміздің саяси жүйесінде халықтың мүддесін білдіретін жаңа саяси орган пайда болды», – деп атап өтті Қошанов.

Айта кетейік, Ерлан Қошанов Парламент Мәжілісіне 2022 жылғы ақпаннан 2026 жылғы маусымға дейін төрағалық етті. Сондай-ақ ол Парламент Мәжілісіндегі «AMANAT» фракциясының жетекшісі, 2022 жылғы 24 сәуірден бастап «AMANAT» партиясының төрағасы болды.

Биылғы 5 маусымда Президент «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» конституциялық заңға қол қойды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қанатбек Жайсаңбаев Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының орынбасары – Қазақстан Халық Кеңесі хатшылығының басшысы болып тағайындалды.

Ал күні кеше Мемлекет басшысы Халық кеңесінің құрамын бекітті. Халық кеңесінің құрамына қоғам қайраткерлері, қоғамдық бірлестік жетекшілері, бұрынғы депутаттар және кәсіпкерлерден тұратын 126 адам кірді. Олардың қатарында Ермұрат Бапи, Еділ Жаңбыршин, Рауан Кенжеханұлы, Бағдат Мусин, Шахмұрат Мүтәліп және Гаджи Гаджиев, т.б. бар.

Таяуда Қазақстан Халық кеңесін құруға 2027 жылы республикалық бюджеттен 1,7 млрд теңге қарастырылғаны мәлім болды. 

Қазір оқып жатыр

Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

.

Бес күн де шыдамады: Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы қызметінен кетпек

Трамп

«Министрдің құпиясына хатшысы арқылы қол жеткізу оңай»: Олжас Сәтиев кибертыңшылық туралы

Decaf

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.