USD
USD
USD

Ерлан Қарин: Құрылтай сайлауы институционалдық қайта жаңғырудың жаңа кезеңін бастайды

Президент Әкімшілігі төрағасының бірінші орынбасары, «Әділет» партиясының атынан Құрылтай депутаттығына үміткер Ерлан Қарин сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.

Ерлан Қарин
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Журналистерге пікір білдірген Қарин бұл сайлауды тарихи оқиға деп атады. Оның сөзінше, жаңа Конституция қабылданғаннан кейінгі институционалдық қайта жаңғырудың келесі кезеңі басталмақ.

«Бұл кезекті сайлау емес. Бүгінгі сайлау – жаңа Құрылтайға өтетін алғашқы сайлау. Сондықтан оның тарихи маңызы бар. Жаңа Конституция қабылданғаннан кейін институционалдық қайта жаңғырудың келесі кезеңі басталады», – деді Ерлан Қарин.

Қарин реформалардың әсері тек мемлекеттік институттарды жаңартумен шектелмейтінін атап өтті. Оның сөзінше, Президенттің реформалары қоғамдық процестерге де жаңа серпін бермек.

«Қоғамдық күн тәртібінің өзі өзгеріп жатыр. Бүгінгі сайлау елде соңғы жылдары жүріп жатқан трансформация мен жаңғыртудың ауқымды процестеріне тағы бір жаңа серпін береді», – деді ол.

Тілшілер Ерлан Қариннен Құрылтайға өткен жағдайда қандай заңдарды қолдайтынын және қандай бастамаларды бірінші кезекте көтеретінін де сұрады.

Алайда Қарин нақты бастамаларды атаған жоқ. Оның айтуынша, мандаттарды бөлу туралы шешімді партияның тиісті органдары – Саяси кеңес немесе Саяси кеңес бюросы қабылдайды.

Қазір оқып жатыр

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев

Mercedes-Benz көлігі, жан басына шаққандағы табысы 356 мың болатын отбасыға жәрдемақы берілмейді

Әлеуметтік төлемдер тақырыбындағы брифинг

Астанада телефонға елеңдеп, адам қағып кеткен автобус жүргізушісі 2 жылға сотталды

Автобус жүргізушісі

Қазақстанда ең жоғары 2,4 млн теңге жалақыны қандай дәрігерлер алады?

дәрігер