USD
USD
USD

Ерлан Дакенов Мәдениет комитетінің төрағасы болып тағайындалды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бұйрығымен Ерлан Дакенов Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. 

Ерлан Дакенов
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Ерлан Дакенов 1977 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін, Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетті бітірген.

2000–2008 жылдары – «Ақтоғай Транспорт компаниясы» ЖШС менеджері, заңгері.

2008–2012 жылдары – Астана қаласының Мәдениет басқармасы «Тәуелсіздік сарайы» МКҚК кадр бөлімінің қоюшы-режиссері, продюсер маманы, баспасөз хатшысы, инспектор - аға маманы.

2012–2016 жылдары – ҚР Мәдениет министрлігі Мәдениет комитеті «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрі» РМҚК директоры.

2016–2019 жылдары – ҚР Мәдениет министрлігі «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК директорының орынбасары.

2019–2023 жылдары – Астана қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК бас директоры.

2023 жылғы тамыздан бастап соңғы тағайындауға дейін Астана қаласы әкімдігінің «Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК бас директоры.

Қазір оқып жатыр

Каспийдегі қайғылы оқиға: қабылданған шешімдер хронологиясы

Қаза тапқан әскерилер

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен алынды

Қосанов