USD
USD
USD

Ерлан Ақкенженов Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Ерлан Ақкенженов
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. «Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.

Ақкенженов Ерлан Құдайбергенұлы 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. «Әділет» жоғары құқық мектебін (Заңгер-құқықтанушы), «Астана» университетін (Мұнай-газ ісі) бітірген.

«ҚазМұнайГаз» сауда үйі» ЖШС бас маманы (10.06.2002 – 05.06.2003);

«ҚазМұнайГаз» сауда үйі» ЖШС бас менеджеры (05.06.2003 – 01.10.2003);

«ҚазМұнайГаз» сауда үйі» ЖШС мұнай және мұнай өнімдерін экспорттау департаментінің директоры (01.04.2004 – 21.06.2004);

«Chevron Texaco Global Trading «Қылыш» бағдараламасы бойынша шікі мұнай трейдері, Ұлыбритания (01.07.2004 – 01.02.2006);

«KazMunaiGaz Singapore» директоры, Сингапур қ. (01.02.2006 – 01.06.2006);

«Қазмұнайгаз «Сауда Үйі» АҚ мұнай және мұнай өнімдерін экспорттау департаментінің директоры, Астана қ. (20.06.2006 – 20.03.2008);

«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС коммерциялық директоры, Ақтөбе қ. (14.02.2008 – 19.01.2010);

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ Бас директорының кеңесшісі, Астана қ. (06.09.2011-03.10.2011);

«ҚазМұнайГаз қайта өңдеу және Маркетинг» АҚ мұнай және мұнай өнімдерін экспорттау департаментінің директоры, Астана қ. (04.10.2011 – 04.03.2012);

«Rompetrol Bulgaria» Бас директордың орынбасары, Бас директоры, Болгария (13.06.2013 – 12.05.2014);

«KMG International (Rompetrol)» Мұнай және мұнай өнімдері трейдингі жөніндегі бас директоры, Румыния (13.05.2014 – 31.05.2014);

«KMG International (Rompetrol)» Бөлшек сауда жөніндегі бас директоры, Румыния (01.06.2015 – 30.11.2015);

«KMG International (Rompetrol)» Бас директорының кеңесшісі, Румыния (01.12.2015 – 25.03.2016);

Мұнай және мұнай өнімдерін өңдеу және тасымалдаумен байланысты жеке құрылымдардағы жұмыс (19.09.2016 – 18.03.2020);

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай өнімдері маркетингі басқармасының бастығы, Астана қ. (18.07.2022 – 20.06.2023);

21.06.2023 жылы ҚР Үкіметінің Қаулысымен ҚР Энергетика вице-министрі болып тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

NAVAI мінген көліктен есірткі табылды

NAVAI

Астанада құмар ойынның кесірінен екі шенеунік қызметінен айырылды

Портфель ұстаған шенеуніктер

Жасанды интеллект медианарықты өзгертеді, бірақ жауапкершілік журналистің мойнында қалады – Қанат Ысқақов

Қанат Ысқақов

Қазақстандықтардың деректері шетелге кете ме? Депутат тексеруді талап етті

Ляззат Жылқыбаева