USD
USD
USD

Еріктілер Баянауылда сегіз жүз тоннадан астам қоқыс шығарды

«Таза Баян – Таза жүрек» екі күндік акциясына жүзден астам адам қосылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

vechg
Фото: pavlodarnews.kz

Павлодар, NEGE. «Қазақстандық Швейцарияға» студенттер, еріктілер, жасылелдіктер, «Жастар рухы», дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері, ұлттық саябақ қызметкерлері барды.

Акцияны салтанатты ашылуына Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары Еркін Арыстанбеков, Баянауыл ұлттық саябағының директоры Аждар Жүсіпов, дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығының орынбасары Диас Жәкенов келді.

– Акция көрікті жерлерді қамтиды. Екі күн бойы біздің команда Торайғыр, Жасыбай және Сабындыкөл көлдерінің жағасында, Қоңыр әулие үңгірінің, Кемпіртас жартасының жанында, қорым бойында қоқыс жинайды, – деп атап өтті Студенттер альянсының төрағасы Дәурен Шәріпов.

Құтқарушылар мен дәрігерлер акцияға қатысушыларға судағы және құрлықтағы қауіпсіздік ережелері туралы еске салды. Еріктілер екі күн ішінде бір жарым тонна қоқыс жинауды жоспарлап отыр. Бірінші күні демалыс орындарынан 170 қап шығарылды.

Еріктілер 15 маусымнан бастап Баянауылдың киелі және мәдени аймақтарынан 800 тоннадан астам қоқыс шығарған.

Қазір оқып жатыр

Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған мұнай компаниясы «ҚазМұнайГазға» өтті

.

Футболдан Қазақстан бірінші лигасында бапкер бас төрешіге су шашып жіберген

су шашқан

«Әділет» партиясын елдегі ең ірі қоғамдық және салалық бірлестіктер қолдады

.

«Көзқарасымыз сәйкес келмейді»: Давид Лория Марат Омаров туралы ойын айтты

.