USD
USD
USD

Еркін күрестен Камиль Куруглиев U20 Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық еркін күрес шебері Камиль Куруглиев Самоковта (Болгария) өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатының финалында жеңіліп қалды.

Камиль Куруглиев
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Отандасымыз 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде өзбекстандық Шерзод Поеновпен өзара мықтыны анықтады.

Тартысты өткен белдесу қарсыластың пайдасына аяқталды. Поенов 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында қазір бес медаль бар. Бұған дейін Едіге Қасымбек (125 келіге дейін) алтын иеленсе, Нұрданат Айтанов (57 келіге дейін), Досжан Құл-Ғайып (74 келіге дейін) және Самир Дурсунов (97 келіге дейін) әлем чемпионатын қола жүлдемен аяқтады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда сараптамадан өтпеген жол жобасына 202 млн теңге төленген

Жол жөндеу

Азиада алтынынан қағылған Ясмина Тоқсанбаеваға пәтер тарту етілді

Ясмина Тоқсанбаева

Тоқаев «күйсандық», «қылтима» сөздерінің қазақша аудармасына күмән келтірді

Тоқаев

Қазақстан Теңіз үшін тартысты жалғастыра ма?

Теңізшевройл