USD
USD
USD

Еркін күрес: Әлішер Ерғали Олимпиадада жұбаныш белдесуін өткізеді

Еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Әлішер Ерғали Париж Олимпиадасының жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігін алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Әлішер Ерғали
Фото: Сали Сабиров

Алматы, NEGE. 97 келіге дейінгі салмақта белдескен Әлішер Ерғали ширек финалда бахрейндік Ахмед Тажудиновке есе жіберген болатын. Жұбаныш белдесуіне қатысу үшін Әлішер қарсыласының финалға дейін сүрінбей жетуін күтті.

Тажудинов болса, жартылай финалда әлем және Олимпиада чемпионы, америкалық Кайл Снайдермен кездесіп, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Енді Әлішер Ерғали ирандық Азарпира Амиралимен жұбаныш белдесуінде бақ сынайды. Белдесу Астана уақытымен 14:00-ге жоспарланған.

Егер жұбаныш белдесуінде жеңіске жетсе, қола медальға таласу мүмкіндігі пайда болады.

Қазір оқып жатыр

Көкшетаудағы екі сот қызметкерінің өлімі арасында байланыс бар-жоғын полиция тексеріп жатыр

Ақан Дайыркен мен Аян Дүйсеков

Назарбаевтар отбасымен құдандалы болған экс-премьер түрмеден үйқамаққа ауысты

Наджиб Разак

«Күйеуім сектаның ықпалынан шыға алмай жүр»: Нұртас Адамбайдың жұбайы дабыл қақты

Нұртас Адамбай мен жары Ғалия

Цифрлық даму министрлігі «Яндекстің» бес компаниясын тексермек

Яндекс