USD
USD
USD

Еркін Рақышев Тоқаевқа үндеу жолдады  

 Кинорежиссер Еркін Рақышев әлеуметтік желі арқылы мемлекет басшысына ашық хат жолдады.

Еркін Рақышев Тоқаевқа үндеу жолдады  
Фото: NEGE.kz

Рақышев Қытайдағы коронавирустың Қазақстан аумағына таралуына жол бермеу жөніндегі тапсырмалардың үкіметке дер кезінде жүктелгенін айта келе, «Осыдан екі-үш ай бұрын Алматы облысындағы бір кәсіпорында заңсыз жұмыс істеп жүрген жүздеген Қытай азаматы анықталып, еліне қайтарылды. Бұл тек бір компаниядағысы ғана. Ал елімізде жүздеген қытай компаниясы бар екенін ескерсек, оларда қанша қытайдың заңсыз жүргенін кім білсін», – дейді Рақышев.

Оның айтуынша, базарда сауда-саттық жасап жүрген қытайлар аз емес. Олардың ішінде заңсыз келгендер ғана емес, Қытайда қылмыс жасап, қашып жүргендер де бар деген сыбыс таралды.

«Осылардың барлығын қатаң тексеріп, заң бұзғандарды анықтап, жауапқа тартуға тапсырма берсеңіз. Айта кететін бір жайт, Қытайдан келетін кейбір тауарлардың 90 процентіне дейін контрабандалық жолмен өтеді дегенді биліктегілер де айтып жүр. Бұл не масқара?! Сонда біздің кеденді басқа ел басқара ма? Жоқ, әлде сатқындар ма? Бюджетке күніне миллиондаған доллар ақша түспегенімен қоймай, ешқандай тексеріссіз өтетін тамақ пен дәрі-дәрмектің, тіпті, киімнің де халық денсаулығына зиянды екені түсінікті ғой», – деді Рақышев.

 

Қазір оқып жатыр

ММА шебері Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарының чемпионы атанды

Еркінғали Бүркіталин

Оң рөлді көліктерді такси ретінде пайдалануға тыйым салынады: ІІМ баллдық жүйе енгізбек

Alphard

Премьер-министр түнде тұрғындардың тыныштығын бұзатын көлік иелерін қамауға алуды тапсырды

Мотоцикл

Бектенов бірқатар өңірде жылу желілерін жөндеу жұмыстары толық аяқталмағанын сынға алды

Үкімет отырысы