USD
USD
USD

Эркин Тунияз қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты

Эркин Тунияз қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. – «Үш зұлым күшке» қарсы күреске және осы аймақтағы тұрақтылықты сақтауға қосқан үлесіңіз үшін Сізге алғыс айтқым келеді. Қытай мен Қазақстан арасындағы достықтың тарихы тереңде жатыр. Төраға Си Цзиньпиннің стратегиялық басшылығымен және Сіздің қолдауыңызбен «Бір белдеу, бір жол» бастамасы мен «Нұрлы жол» экономикалық даму бағдарламасы сәтті ұштастырылды. Екі ел мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық серіктестік орнатты. Өткен жылы наурыз айында Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитетінің хатшысы Ма Синжуй бастаған делегация Қазақстанға келіп, өте маңызды келісімдерге қол жеткізгенін ерекше атап өткен жөн. Былтыр қазан айында Сіз Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына сапармен келдіңіз. Бұл өзара ынтымақтастығымызды одан әрі дамытуға тың серпін берді, – деді ШҰАА Халық үкіметінің төрағасы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шыңжаң Халық үкіметі төрағасының Қазақстанға сапары өңіраралық кооперация мен шекара маңындағы облыстардың өзара ынтымақтастығын одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж