USD
USD
USD

Еркектер зорламақ болған: Көлікпен келе жатқан ер адам қызды құтқарып қалды

Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің Telegram каналында мәлімдеді. 

Еркектер зорламақ болған: Көлікпен келе жатқан ер адам қызды құтқарып қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Журналистке аталмыш видеоны Рүстем есімді ер адам жіберген. 

Оқиға 28 шілдеде болған. Рүстем есімді ер адамның айтуынша, ол өз жұмыстарымен қаланың төменгі бөлігінде кетіп бара жатқан. Кенеттен көлігінің алдынан қыз жүгіріп шығып, көмек сұрапты. Артынша бір жігіт жүгіріп келген. 

Қыз екі жігіттің өзін алдап, қаланың төменгі бөлігіне алып келгенін айтқан. Зорламақ болған кезде қыз қашып кеткен. 

Журналист Рүстемді осы ерлігі үшін марапаттау керек деген ойда. 

Аталмыш оқиғаға қатысты полиция да пікір білдірді. 

"Алматы Полиция департаменті 2000 жылы туған Б-ны зорлауға әрекеттену дерегін Жетісу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері анықтап жатқанын хабарлайды. Жәбірленуші қыз оқиғадан біраз уақыт бұрын алкогольдік ішімдік ішкен таныстарының бірінен күдіктенеді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі