USD
USD
USD

«Еркекті үйіндегі әйелі құртады» – Бағлан Әбдірайымов

Әнші Бағлан Әбдірайымов «еркекті үйіндегі әйелі құртады» деп пікір айтып, басы дауға қалды. 

Бағлан Әбдірайымов
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында айтқан.

«Еркекті банкрот құртпайды, арақ құртпайды. Еркекті құмар ойын, төбелес құртпайды. Еркекті сындыратын бір-ақ нәрсе бар. Еркекті құртатын – үйіндегі әйелі. Шын айтамын. Кез келген еркек менімен қосылады деп ойлаймын. Үйіңдегі келіншегіңмен жанжалдасып, таласқанның орнына көшеге шығып, жатып алып біреумен төбелескенің жақсы. Еркектің сағын сындыратын тек әйел кісі ғана. Қалған сынаққа еркек шыдай береді», – деді әнші.

Желі қолданушылары әншінің бұл пікіріне наразылық танытып жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Әпкесін отшашумен құттықтамақ болған Астана тұрғыны 5 тәулікке қамалды

отшашу

Непалдағы жойқын су тасқыны: қазақстандық турист іздестіріліп жатыр

су тасқыны

Құрылтай депутаттарына алтыннан емес, жезден әзірленген төсбелгі табысталды

Құрылтай төсбелгісі

АҚШ-та ұлттық қауіпсіздікке төнген ықтимал қатерге байланысты төтенше жағдай жарияланды

төтенше жағдай