USD
USD
USD

ERG компаниясына қарасты шахтада тағы да төтенше жағдай: Үш жұмысшы зардап шекті

25 мамыр күні кешке «Қазхром» АҚ-ның Дон тау-кен байыту комбинатына қарасты «Болашақ» шахтасында өрт шықты.

Шахта
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға болған сәтте шахтада үш кезекші электрослесарь жабдық орнатып жатқан. Олардың барлығы әртүрлі дәрежедегі күйік алған.

Зардап шеккендер дереу шығарылып, сағат 23:50-де жедел жәрдем қызметіне тапсырылған. Денсаулық сақтау басқармасы олардың Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілгенін, тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын хабарлады.

Бұл аталмыш шахтада болған алғашқы жағдай емес. Биыл ақпан айында дәл осы нысанда болған өрт салдарынан төрт кенші жарақат алған болатын.

Қазір оқып жатыр

Ақкенженов: «ЖЭО-лар қысқы жүктемеге шыдайды»

Жылу электр орталығы

Қазақстанда бензин бағасы 300 теңгеден асуы мүмкін бе: министр болжамға пікір білдірді

Бензин, дизель

Министр Ақтаудағы жарықтың өшуінен зардап шеккен тұрғындарға қатысты пікір білдірді

Ақтау

Айлығы – 1,2 млн теңге, коммуналдық төлемі – 75 мың: Ақкенженов табысын жариялады

Ерлан Ақкенженов