USD
USD
USD

ERG Қазақстандағы үш еншілес компаниясын тарату жұмыстарын бастап кетті

Eurasian Resources Group құрамына кіретін ERG Exploration компаниясы «Надеждинское», «Джаркульское» және «Елтай-4» жауапкершілігі шектеулі серіктестерін таратпақ.

ERG
Фото: ERG

Астана, NEGE. Бұл туралы компанияның 2025 жылға арналған шоғырландырылған есебінде айтылған, деп жазады Inbusiness.kz.

ERG Exploration компаниясы негізінен пайдалы қазбалар кен орындарын барлаумен және игерумен айналысады. Сондай-ақ жобалау, далалық және геофизикалық жұмыстар, ұңғымаларды бұрғылау секілді басқа да қызметтер көрсетеді.

Есепте топтың меншік иелері биылғы мамырда еншілес компаниялар – «Надеждинское», «Джаркульское» және «Елтай-4» ЖШС-тарын тарату шешімін мақұлдағаны айтылған.

«2023 жылғы мамырда компания Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" кодексінің талаптарына сәйкес келісімшарт аумағын мемлекетке қайтару рәсімін бастады. 2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша келісімшарт аумағын қайтару рәсімі аяқталған жоқ», – делінген «Елтай-4» келісімшарт аумағына қатысты түсіндірме жазбада.

ERG Exploration «Надеждинское» және «Джаркульское» компанияларының – 85%, ал «Елтай-4» компаниясының 81% үлесіне иелік етеді. Қалған үлес «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының меншігінде болған.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы