USD
USD
USD

ERG-дегі мемлекеттің үлесін енді «Самұрық-Қазына» басқарады

Бұған дейін Eurasian Resources Group (ERG) компаниясындағы 40 пайыздық мемлекеттік акциялар пакетін Қаржы министрлігі басқарып келген еді.

ERG
Фото: ERG

Астана, NEGE. «Самұрық-Қазына» қорының баспасөз қызметі ақпаратты растады.

«2026 жылғы 4 тамызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес ERG компаниясының 40 пайыздық мемлекеттік акциялар пакеті «Самұрық-Қазына» АҚ-ның меншігіне өткенін хабарлаймыз», – делінген Қордың NEGE-ге берген жауабында.

Сондай-ақ Қор өкілдері активті беру «Самұрық-Қазына» АҚ-ның мемлекеттің мүддесі үшін активтерді тиімді басқаруды іске асыратын ұлттық әл-ауқат қоры ретіндегі стратегиясы мен рөліне сәйкес келетінін атап өтті.

ERG компаниясының сайтында да акцияның 40%-дық үлесіне «Самұрық-Қазына» иелік ететіні көрсетілген.

«ERG компаниясы акцияларының 40%-ына "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ иелік етеді. Оның жалғыз акционері – Қазақстан Республикасының Үкіметі. ERG-дің негізін қалаушы акционерлерінің бірі – марқұм Алиджан Ибрагимовтің мұрагерлері компания акцияларының 20,7%-ына, ал Шахмұрат Мүтәліп компания акцияларының 39,3%-ына иелік етеді. ERG-дің бас кеңсесі Люксембургте», – делінген компанияның ресми сайтында.

Еске салсақ, таяуда Өнеркәсіп министрі ERG-дің екіге бөлінетіні жөніндегі сыбысқа қатысты пікір білдірген еді. Оның айтуынша, компания тарапынан активтерді бөлу немесе меншік иелерін ауыстыру жөнінде ресми өтініш түспеген.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский