Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Еревандағы митинг: Армяндар Пашинянға «кет» деп жатыр

Ереванда оппозиция премьер-министр Никол Пашинянның қызметтен кетуін талап етіп, митингіге шықты.

Еревандағы митинг: Армяндар Пашинянға «кет» деп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осыған дейін халықты наразылық акциясына шығуға 17 саяси партия шақырған.

Ел астанасының орталығындағы Еркіндік алаңына жиналған мыңдаған адам Пашинянның Таулы Қарабақтағы соғысты тоқтату бойынша үш тарапты келісімге қол қойғанын айыптап, оның қызметтен кетуін, парламенттің шұғыл жиналыс өткізуін талап етті.

Пашинян бейбіт келісім — жағдайдан шығудың ең дұрыс жолы болғанын, болмаса Әзербайжан Таулы Қарабақты толығымен иеленіп алмақшы болғанын жеткізді.

Акция кезінде полициямен қақтығыс болып, бірнеше демонстрант қамауға алынды.

10 қарашада Армения, Әзербайжан және Ресей Таулы Қарабақтағы соғыс әрекеттерін тоқтату туралы келісімге қол қойғаннан кейін, Ереванда жаппай нарызылық акциясы басталып, оның қатысушылары үкіметтің және парламенттің ғимараттарына басып кірген.

Үш тарапты келісімге сәйкес, Әзербайжан соңғы жанжал кезінде өз иелігіне алған Таулы Қарабақтағы және оның айналасындағы жерлерді сақтап қалады.

Бейбіт келісімге Әзербайжанның қарулы күштері алты аптадан бері жалғасып келе жатқан жанжалда тарихи жерлерін қайтарып алғанын жариялаған тұста қол қойылған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда сауда саласына салынған инвестициялар 637 млрд теңгеден асты

Инвестиция

Temu Венгрияда сатып алушыларға психологиялық қысым көрсеткені үшін айыпталды

Temu

Қазақ тарихы қайта жазылды. Енді оқулықтар өзгере ме?

Сәбитов, Әуеспекова

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс