Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ересек адам оқушы қызды тепкілеп кетті

Соққыға жығылған қыздың жасы 13-те, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ересек адам оқушы қызды тепкілеп кетті
Фото: NEGE.kz

Павлодар, NEGE.  Оқыс оқиға жазылған видео әлеуметтік желілерге тарап кетті. Бұл жағдайға көшедегі тұрғындар куә болған. Бейнабақылау камерасындағы видеода қыз баланың дүкеннен шыққаны көрінеді. Кейін ер адам соңынан жүгіріп шығып, соққыға жыққан. Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, оқушы мен ересек адамның арасында жанжал туындаған. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жасқайрат Қайыров, облыстық ПД бастығының орынбасары:

Бұл дерек тіркелді. Полиция мамандары жанжалдасқан тұлғалардың аты-жөндерін анықтады. Қыз бала мен ер азаматтың сөзге келмей қалғаны белгілі болды. Жанжал кезінде ересек азамат оқушыны жарақаттаған. Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 293-бабының бірінші бөлігі бойынша іс қозғалды.

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел