2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Ерекше қорғалатын аумақта аң аулаған

Алматы облысындағы ерекше қорғалатын аумақта аң аулаған браконьер қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ерекше қорғалатын аумақта аң аулаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Талғар ауданының тәртіп сақшылары Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, жоспарлы тексеру жүргізу барысында ерекше қорғалатын аумақта аңшылық жасады деген күдікпен 61 жастағы ер адамды ұстады. “Арнайы шара барысында 1959 жылы туған Талғар ауданының тұрғыны ұсталды. Оның автокөлігінен еліктің денесі мен 16 калибрлі тегіс ұңғылы аңшы мылтығы табылып, тәркіленді. Аталған дерекке қатысты қолданыстағы Қылмыстық кодексті 337-бабының 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды”, – деп хабарлады Алматы облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Бағдат Әшімов. Браконьерден тәркіленген еліктің еті тиісті сараптамаға жолданды. Сараптаманың қорытындысына сәйкес мемлекетке келтірілген материалдық шығын анықталады. Сот шешімімен күдікті мекен жайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды. “Алматы облысы аумағында бір ай ішінде полицейлер табиғат қорғау заңнамасының талаптарын өрескел бұзудың 13 дерегін әшкереледі. Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – деп толықтырды Бағдат Әшімов.
 

Қазір оқып жатыр

Қытай халқы қазақ халқына ешқашан ешқандай зиян келтірген жоқ – Тоқаев

«Қазақстан-Қытай» инвестициялық форумы

Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: бес командир ұсталды

Күдіктілер

Каспий теңізінде қаза болған үш сарбаздың денесі Оралға жеткізілді

Каспий теңізінде қаза болған сарбаздар

Маңғыстаудағы төтенше жағдай: Үкіметтік комиссия отырысында не айтылды?

Үкіметтік комиссия отырысы