Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ердоған Сирияның солтүстігінде әскери операция бастауға ниетті

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Сирияның солтүстігінде әскери операция жасауға ниетті екенін айтты. 

Ердоған Сирияның солтүстігінде әскери операция бастауға ниетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мадридтегі НАТО саммитінде Ердоғанға Түркияның Сирияның солтүстігіне жоспарланған әскери операциясын халықаралық қауымдастық қалай қабылдайтыны туралы сұрақ қойылды.

"Біз халықаралық қауымдастық түсінбейтін операцияны жасамаймыз. Халықаралық қауымдастық түсінетін "тілде" өткіземіз. Түркияның бұл мәселеде елеулі тәжірибесі бар. Алаңдаудың қажеті жоқ", - деп жауап берді Түркия президенті.

Айта кетейік, Түркия көшбасшысының өкілі Ибрахим Калын бұған дейін Анкара Сирияның солтүстігіндегі әскери операцияға дайын екенін мәлімдеген болатын. Оның сөзінше, аталған операция кез келген уақытта басталуы мүмкін. Операция Түркияда террористік деп танылған күрд күштерін жоюға бағытталған.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық