USD
USD
USD

Ердоған Назарбаевты туған күнімен құттықтады

ҚР Тұңғвш Президенті Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.

Ердоған Назарбаевты туған күнімен құттықтады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Түркия Президенті Елбасын шын жүректен туған күнімен құттықтап, мықты денсаулық және бауырлас Қазақстанның мүддесі жолындағы көпжылдық мемлекеттік қызметіне жаңа жетістіктер тіледі.

Режеп Тайип Ердоған Нұрсұлтан Назарбаев өз елінің көшбасшысы ғана емес, сонымен қатар Нұр-Сұлтан мен Анкара арасындағы стратегиялық серіктестіктің негізін қалаушы ретінде зор құрметке ие болғанын айтты.

Түркия Президенті Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің (Түркі кеңесі) Құрметті төрағасы ретіндегі айрықша рөліне тоқталды, сондай-ақ Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық бастамаларының маңыздылығын ерекше атап өтті.

Елбасы Режеп Тайип Ердоғанға ізгі тілектері үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстан мен Түркияның қазіргі стратегиялық серіктестігінің деңгейіне жоғары баға берді.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Тайип Ердоған алдағы кездесулердің кестесін талқылады.

Қазір оқып жатыр

Қайрат Сатыбалдының мемлекете сыйға тартқан қонақүйі үш есе арзанға сатылды

DoubleTree by Hilton

Ресейлік сарапшылар мен дипломаттар Тоқаевтың Жолдауын талқылады

.

Ақтөбе облысында тоғыз күн ішінде «Қазхромның» екінші жұмысшысы қаза тапты

ТЖ

«Самұрық-Энерго» компаниясының жаңа басшысы тағайындалды

Аңсар Айдаров