USD
USD
USD

Ердоған: Қазақстанда кеме жасайтын зауыт салуға көмек беруге дайынбыз

Түркия Қазақстанға кеме жасау зауытын салуға көмектесуге дайын.

 Ердоған: Қазақстанда кеме жасайтын зауыт салуға көмек беруге дайынбыз
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Ақордада өтіп жатқан Қазақстан мен Түркия арасындағы жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 4-ші отырысында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған айтты.

«Жаңа ғана өткен оңаша кездесуде қарым-қатынасымыздың барлық аспектісі, аймақтық және жаһандық мәселелер бойынша пікір алмастық. Ынтымақтастығымызды барлық салада одан ары нығайтуға келістік. Қазақстандағы инвестициямызды қомақты деңгейге көтеріп, 4,13 млрд долларға жеткіздік. Түркия басқа елдерге қарағанда тек энергетика саласына ғана мән беріп қоймай, Қазақстан экономикасын әртараптандыруға және жұмыспен қамтуды арттыруға көмектесіп отыр. Жұмыс орындарын ашуға көбірек үлес қосқысы келетін компанияларымызға қолдау білдіретіндігіңізге сенімдімін», – деді Түркия Президенті.

Түркия басшысы екі елдің сауда айналымын қысқа мерзімде 5 млрд долларға, ал ұзақ мерзімде 10 млрд долларға жеткізу мақсаты тұрғанын атап өтті. Сонымен қатар ол былтыр 58 пайыздық өсіммен бастапқы меже еңсерілгенін, яғни сауда-саттық 5 млрд долларға жеткенін айтты.

«Қазақстанның Каспий теңізіндегі көлік флотын күшейту және түрлі ерекшеліктегі кемелерді шығару мақсатында кеме жасау зауытын салуға көмектесуге де дайынбыз», – деді Режеп Тайип Ердоған.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park