Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ердоған: Қазақ бауырларымыздың қауіпсіздігі үшін қолдан келгенді аямаймыз

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды. Тоқаевты Түркияда сән-салтанатпен күтіп алды.

Ердоған: Қазақ бауырларымыздың қауіпсіздігі үшін қолдан келгенді аямаймыз
Фото: NEGE.kz

Экономиканың түрлі саласындағы әріптестіктен бөлек, Қазақстан мен Түркия әскери саладағы ынтымақтастыққа да қол жеткізді. Қазақстанның Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Түркияның Қорғаныс министрі Хулуси Акарамен кездесіп, әскери әріптестік жөніндегі келісімге қол қойды.

«Түркия – біздің тәуелсіздігімізді алғашқы болып мойындаған ел. Оны қазақ халқы ешқашан ұмытпайды. Қазақстан үшін Түркиядан ешқашан ешқандай зиян болған жоқ. Тек қана жақсылық көргенбіз. Әлі күнге дейін солай болып тұр», – деді Қ.Тоқаев.

Түркия президенті Ережеп Тайып Ердоған былай деді: «Қазақ бауырларымыздың тұрақтылығы, тыныштығы және қауіпсіздігі үшін біз қолдан келгенді аямауға дайын екенімізді тағы бір рет атап көрсетеміз. Әрі саяси жағынан, әрі сауда-экономикалық, мәдени жағынан, барлық салада осы ауызбіршілігімізді жалғастырып, болашаққа иықтасып нық қадам басамыз деп ойлаймын».

Қазір оқып жатыр

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы

Қазақстанда жарықтың өшуі Қырғызстандағы ГЭС-тен басталды – KEGOC

тариф

Ертісбаев пен Бапи: ҚХП мен ЖСДП бұрынғы басшыларына қатысты даулы мәселелерге жауап берді

Ертісбаев пен Бәпи