USD
USD
USD

Ерден Әріпов Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды

ҚР Жоғарғы сотының тағы бір судьясы қызметінен кетті

Ерден Әріпов Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьясы Ерден Әріпов қызметінен босатылды.

«Сіздердің қарауыңызға Ерден Рауанұлы Әріповті Жоғарғы Сот судьясының қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынымы енгізіліп отыр. Президент Жарлығымен Ерден Рауанұлы Қарағанды облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды», - деді ҚР Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Денис Шипп.

Палата депутаттары осы ұсынысқа қолдау білдіріп, судьяны қызметінен босату туралы шешім қабылдады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Президенттің 2022 жылғы 26 наурыздағы Жарлығымен Қарағанды облыстық сотының төрағасы болып тағайындалған Ерден Әріповты ұжымға Жоғарғы Соттың төрағасы Жақып Асанов бейнеконференция кезінде таныстырды.

Е. Әріпов 1963 жылы Алма-Ата облысының Нарынкөл ауданында дүниеге келген. 1986 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, мамандығы бойынша заңгер.

Қазір оқып жатыр

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park

Майқайынсыз «Алтыналмас». Владимир Ким НЕГЕ өзінің сүйікті схемасын қайталады?

Алтын

ІІМ шетелдік нөмірмен жүрген көліктерге қатысты проблемалар бар екенін мойындады

шетелдік нөмір

Шахматшы Бибісара Асаубаева ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды

Бибісара Асаубаева