USD
USD
USD

Ербосынұлы мен Жаңабаевтың титулды жекпе-жегін қайдан көруге болады

Жексенбі күні, яғни 26 шілдеде Минскіде (Беларусь) кәсіпқой бокс кеші өтеді. Оған бес қазақстандық боксшы қатысады, деп хабарлайды Sports.kz порталы. 

Ербосынұлы мен Жаңабаевтың титулды жекпе-жегін қайдан көруге болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аталған бокс кешінде Айдос Ербосынұлы (13-0, 9 КО) мен Нұрсұлтан Жаңабаев (8-0, 5 КО) титулдық жекпе-жек өткізеді. Неміс боксшысы Нуху Лавальге (27-6, 15 КО) қарсы өтетін айқаста Ербосынұлы супер орта салмақтағы WBO Global, WBC Asia және WBA International белбеуін қорғайды. Жаңабаев жартылай орта салмақта француз боксшысы Сэнди Мессаудаға (13-6, 1 КО) қарсы шығып, WBA Inter-Continental, WBO Oriental және IBF Pan Pacific белбеулерін сарапқа салады. Сонымен қатар бұл бокс кешінде Нұрсұлтан Аманжолов (2-0, 1 КО) пен дебютанттар Бек Нұрмағанбет және Евгений Павлов шаршы алаңға шығады. Минскідегі бокс кешін «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады. Ол 26 шілде күні Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де басталады.

Қазір оқып жатыр

Әлеуметтік төлем: Қазақстанда отбасының байлығы қалай есептеледі?

отбасының әл-ауқаты

ҚМА Перизат Қайраттың туысының Дубайдағы пәтерлеріне қатысты мәлімдеме жасады

Перизат Қайрат

Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

қол қою

Қырғызстанда пара алу күдігімен 15-ке жуық кеденші мен шекарашы ұсталды

Өткізу пункті