USD
USD
USD

Ерболат Құдайбергеновтың қарындасына шабуыл жасалды

Қазақстандық әнші әрі актриса Салтанат Құдайбергеноваға такси жүргізушісі шабуыл жасады. Бұл туралы әлеуметтік желілерде белгілі болды. Полиция департаменті жағдайға түсінік берді.

Ерболат Құдайбергеновтың қарындасына шабуыл жасалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Telegram-арналардың бірінде такси жүргізушісі мен әнші арасындағы жанжал Наурызбай батыр мен Шевченко көшелерінің қиылысында болғаны хабарланған.

«Алматы қаласында «Индрайвер» такси жүргізушісі қазақстандық танымал актриса әрі әншіні ұрып-соғып, қашып кетті», – делінген видео сипаттамасында.

Алматы полициясы оқиғаны растады. 

«Жәбірленуші алған жарақаттардың ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Содан кейін заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жәбірленуші мен такси жүргізушісі арасында жанжал шыққан. Такси жүргізушісі анықталды. Оның әрекетіне құқықтық баға беріледі», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының басшысы полковник Есен Ысқақов.

Салтанат Құдайбергенова әнші және актриса ретінде танымал. Ол «Кенже», «Бикештер» сериалдарына түскен, «Томирис» фильмінде ролі бар. «Арыс жағасында», «Сәлем», «Кең жайлау» және басқа да әндердің орындаушысы.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер