USD
USD
USD

Ербол Әліқұлов мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Әліқұлов Ербол Шымкентбайұлы Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды.

Ербол Әліқұлов
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Ербол Әліқұлов 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Б. Момышұлы атындағы «Кәусар бұлақ» республикалық қайырымдылық қоры директорының орынбасары болып бастаған.

1998-2002 жылдары жеке компанияда жұмыс істеді.

2002-2005 жылдары – Алматы қ. Түрксіб ауданы әкімі аппаратының бөлімінде бас маман, бөлім басшысы, әкім орынбасары.

2006-2009 жылдары – Алматы қ. Алмалы ауданы әкімінің көмекші-кеңесшісі, әкім орынбасары.

2009-2013 жылдары – Алматы қ. Жетісу ауданының әкімі.

2013-2014 жылдары Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.

2014-2017 жылдары – Алматы қ. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті басшысы.

2017 жылы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы болды.

2017-2022 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.

2022-2023 жылдары – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

2023 жылдың қазан айынан бастап тағайындалғанға дейін – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы болды.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек