16 Қазан 19:46
...

«Erasmus+» бағдарламасы бойынша ақпараттық сессия өтті

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Фото: Қожа Ахмет Ясауи университеті

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Erasmus+» бағдарламасы бойынша ақпараттық сессия өтті.

Түркістан, NEGE. Іс-шараға Қаржы және халықаралық байланыстар вице-ректоры Мустафа Гиритлиоглу және оқытушы-профессорлар құрамы мен қызметкерлер қатысты.

Іс-шараның негізгі спикері – Қазақстандағы Erasmus+ бағдарламасының Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Лаура Палуанова маңызды баяндама жасады.

Айта кетейік, Erasmus – білім беру, кәсіптік оқыту, жастар саясаты және спорт жүйесін жаңғырту мен дамытуға бағытталған Еуропалық Одақтың бағдарламасы.

Ақпараттық сессия барысында Лаура Палуанова Эрасмус Мундус бірлескен магистірлік бағдарламалары, халықаралық кредиттік ұтқырлық бағдарламалары, жоғары білім әлеуетін арттыру мен Жан Моне жобалары аясында тың ақпараттармен бөлісті.

Сонымен қатар, Erasmus + бағдарламасының жаңа кезеңіндегі МКМ жобаларындағы Қазақстандық жоғары оқу орындар тізімі, Erasmus + ерекшеліктері мен 2021-2027 жылдарға арналған бағдарламаның жаңа кезеңі туралы мәліметтерді жеткізді. Атап айтқанда: NEO функцияларындағы өзгерістер, NEO жоқ мониторинг жүргізу, Біржолғы бюджеттік жүйеге көшу сынды маңызды бөлімдерге тоқталды.Іс-шара соңында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарына жауап алып, пікір алмасты.