USD
USD
USD

Ералы Тоғжанов жол апатынан зардап шеккен балалардың ата-аналарымен кездесті

Ақтөбе облысының әкімі бүгін жол-көлік апатынан соң ем қабылдап жатқан балаларды көріп, ата-аналарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ералы Тоғжанов жол апатынан зардап шеккен балалардың ата-аналарымен кездесті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақтөбе облыстық ауруханасында 8 бала ем қабылдап жатыр. Аурухананың бас дәрігері Ерлан Жапақовтың айтуынша, алты балаға ота жасалды. Тіпті елордалық дәрігерлер де шақырылды.  

Түскі мезгілде облыс әкімі Ералы Тоғжанов ауруханаға барып, науқастардың жағдайын білді. Балаларының амандығын тілеп отырған ата-аналармен де жолықты.

«Балаларға барып, қарап шықтым. Бірінші бір Алла қолдасын, дейміз. Одан кейін дәрігерлер қолдан келгенін жасап жатыр. Республикадан да дәрігерлер келеді. Балалар аман болсын!», – деді Ералы Тоғжанов.

Айта кетейік, осы оқиғаға байланысты Қылмыстық Кодекстің 345-бабы 3-тармағы бойынша іс қозғалды. Жүргізуші қамауға алынды.

Осыған дейін Ақтөбеде оқушылар мінген минивэн аударылып, бір бала көз жұмғаны хабарланды.

Сондай-ақ Ақтөбеде оқушылардың көлік апатына ұшырауына байланысты тергеу жүріп жатқаны жазылды. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасынан балаларға операция жасалғаны хабарланды. Кейінірек жол-көлік оқиғасына түскен балалардың жаттықтырушысы ес-түссіз жатқаны анықталды. Ал көлікті басқарған спорт мектебі директорының орынбасары екені белгілі болды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу

Аида Балаева Президентке халықтың тұрмыс сапасы жөнінде есеп берді

Тоқаев, Балаева

Алматыда заңгер Әділетхан Молдаханның сотында журналистерді сыртынан қамап қойған

Әділетхан Молдахан

Блогер Шайхтың миллион теңгеге сатылған бизнес-турлары тексеріліп жатыр

Еркежан Шайхиева