USD
USD
USD

Ералы Тоғжанов жасөспірімдерді ата-анасының жазбаша келісімімен ғана вакциналауды тапсырды

 Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанға Pfizer вакцинасының жеткізілуіне байланысты бекітілген талаптарды қатаң сатауды тапсырды. 

Ералы Тоғжанов жасөспірімдерді ата-анасының жазбаша келісімімен ғана вакциналауды тапсырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазақстанға Pfizer компаниясы вакцинасының жеткізілуі мен халықтың мақсатты топтарын (12 жастан бастап балаларға, жүкті және бала емізетін аналарға) иммундауға дайындауға байланысты, бүгін COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов барлық өңірдің басшылығына бекітілген ережені қатаң сақтауды тапсырды. Сонымен қатар, жасөспірімдер вакцинациясын ата-аналарының немесе олардың заңды өкілдерінің ақпараттандырылған жазбаша келісімімен ғана жүргізу жүктелді», - делінген Ведомствоаралық комиссия отырысының қорытындысы бойынша таратылған хабарламада.

Айта кетейік, елімізге Pfizer вакцинасының 379 мың дозасы жеткізілді. «Министрлік Pfizer компаниясының Comirnaty (Pfizer) вакцинасының 4 млн 230 мың дозасын вакцина сатып алды. Бұл 2 млн 115 мың адамды қамтуға мүмкіндік береді. Республикаға 379 мың доза көлемінде бірінші партиясы жеткізілді. Оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 12-ден 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін аналарды вакцинациялау үшін ұсынады», - деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе