USD
USD
USD

Ералы Тоғжанов QazVac вакцинасын ДДҰ-да тіркеу бойынша тапсырма берді

Жауапты сала басшылары отандық QazVac вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркеу мәселесін қысқа мерзімде пысықтауға міндеттелді. 

Ералы Тоғжанов QazVac вакцинасын ДДҰ-да тіркеу бойынша тапсырма берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ел аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды. Отырыс барысында вице-премьер Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша қысқа мерзімде шаралар қабылдауды, атап айтқанда, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында QazVac отандық вакцинасын тіркеу және оны одан әрі үшінші елдердің нарықтарына ілгерілту мәселесін пысықтауды, осы бағытта жол картасын әзірлеуді тапсырды. Еске салсақ, эпидахуал жөніндегі кеңестің отырысында Президент Қасым-Жомарт Үкіметке QazVac-ты экспорттау мәселесін пысықтауды тапсырған болатын.

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев