USD
USD
USD

Ералы Тоғжанов көркемдік деңгейі сын көтермейтін қойылымдардың сахналануын сынға алды

Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен кино және театр саласын дамыту жөніндегі кеңес отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР Үкіметінң баспасөз қызметі.

Ералы Тоғжанов көркемдік деңгейі сын көтермейтін қойылымдардың сахналануын сынға алды
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE.   Оған тиісті орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы орган өкілдері мен мәдениет саласының мамандары қатысты. Кеңес барысында кино және театр саласындағы бірқатар проблемалық мәселелер мен оларды жүйелі түрде шешу жолдары қарастырылды.

Бүгінгі күні Қазақстанда 65 театр бар, оның ішінде 54-і мемлекеттік, 11-і жеке меншік. Жалпы Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда 21 мемлекеттік театр ашылды, 10 театрға жаңа ғимарат салынды. Театрлардың мәртебесін көтеру мақсатында 3 театрға «Ұлттық», 9 театрға «Академиялық» статусы берілген.

Премьер-Министрдің орынбасары кеңес барысында театрларда көркемдік деңгейі сын көтермейтін қойылымдардың сахналануының, тарихи фактілердің бұрмалануы фактілері кездесіп отырғанын айтты. Бұл ретте ол көркемдік кеңестің мақұлдауынсыз қойылымдарды іске асырмау, көркемдік кеңестер құрамына тарихшы мамандарды енгізу қажеттілігін атап өтті.

Театр сыншылары институтын дамытудың маңызына тоқталды. Театр сыншыларына тұрақты қолдау көрсетуді тапсырды.

Бұдан бөлек, Үкімет басшысының орынбасары кинематография саласындағы бірқатар проблемаларды көтерді. Республикада 110 кинотеатр өз қызметін жүзеге асырады, оның ішінде 29-ы мемлекеттік меншікте.

1991 жылдан бері «Қазақфильм» киностудиясымен 600-ден аса фильм түсірілді. Дегенмен еңбекқорлықты, азаматтық жауапкершілікті, отансүйгіштікті, спортты насихаттайтын картиналардың әлі де жеткіліксіз екендігі айтылды. Бұл бағытта Е. Тоғжанов кино және театр саласындағы қойылым тақырыптарын жүйелі құндылықтардың аясында қоюды ұсынды.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Мәдениет және спорт министрлігі мен өңір әкімдіктеріне кино және театр саласын дамыту бойынша жүйелі шаралар қабылдау туралы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пара беруге уәде еткендерді де қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заңға қол қойды

Заң

Маңғыстау облысында жұмыссыздар саны артып барады: сарапшылар не дейді?

Маңғыстау облысы

AMANAT «Әділет» партиясына қосылады

.

Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды – адвокат

Данияр Мейірхан