USD
USD
USD

Ералы Тоғжанов 10 сотық жер телімін беруге қатысты пікір білдірді

Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысында 10 сотық жер телімін беру мәселесі көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ералы Тоғжанов 10 сотық жер телімін беруге қатысты пікір білдірді
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE.  «10 сотық жер телімі бойынша Кодексте жазылған. Ұнай ма, ұнамай ма - беру керек, ол - Кодекс нормасы. Сондықтан бұл мәселеде барлығын ретке келтірген жөн», - деді Еуропалық құқық және адам құқығы сарапшылық институтының директоры, саясаткер Марат Башимов.

Өз кезегінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов көтерілген мәселе жан-жақты қаралатынын айтты. Оның сөзінше, 10 сотық жер телімін бөлуге қатысты ең алдымен тиісті жұмыстар атқарылуы керек. Яғни жер телімі берілетін болса, инфрақұрылымның салынуына ерекше назар аударылуы тиіс.

«Инфрақұрылымның өзін жүргізу үшін орта есеппен 4 трлн-нан артық қаражат керек болады. Сондықтан осының барлығын есептеуіміз керек. Бұл бағыттағы жұмыстар бір күнде шешілетін мәселе емес», - деді Е. Тоғжанов.

Айта кетейік, бүгін Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті.

Қазір оқып жатыр

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент