USD
USD
USD

«Ералаштың» бұрынғы режиссері педофилия үшін 14 жылға сотталды

"Ералаштың" бұрынғы режиссері Илья Белостоцкий 14 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Ералаштың» бұрынғы режиссері педофилия үшін 14 жылға сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сот жабық режимде өтті.

"Солнцево ауданаралық прокуратурасы прокурорының ұстанымын ескере отырып, сот Белостоцкийді қатаң режимдегі түзеу колониясында жазасын өтей отырып, 14 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды", - делінген хабарламада.

Тергеу барысында Белостоцкийге 14 жасқа толмаған балаға әдепсіз әрекеттер жасады деген айып тағылған. Ал сотта күш қолданды немесе кәмілетке толмаған жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдалану арқылы жыныстық сипаттағы күш қолданды деген айып тағылды. Ол 2020 жылдың қазанынан бері қамауда отыр.

Үкім заңды күшіне енген жоқ, сол себепті оның шағымдануына болады.

Белостоцкий - ресейлік режиссер, сценарист, актер және продюсер. 2000 жылдардың ортасынан бастап "Ералашта" режиссер болып қызмет атқарды. Киножурналдың баспасөз қызметі тергеудің әділ өтуіне мүдделі екенін айтып, "Ералашта" балалар үнемі бақылауда болғанын, түсірілім кезінде балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдерінің болғанын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу