USD
USD
USD

Ер адам танысын өлтіріп, екі күннен кейін полицияға хабарлаған

Қаңтардың 23-інен 24-іне қараған түні 1966ж.т.  және 1970 ж.т. екі таныс  ішімдік ішіп, кейін 1966ж.т. жәбірленушінің үйінде жалғастырмақшы болған олар жол-жөнекей сөзге келіспей,  үйдің алдында екеуі жұдырықтасып, 56 жастағы азаматқа дене жарақатын салған.

Ер адам танысын өлтіріп, екі күннен кейін полицияға хабарлаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жерге құлаған жәбірленуші сол жерде көз жұмған. Күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Үйдің айналасы темір қақпамен қоршалғандықтан, аула ішінде 2 күн жатып қалған адамды ешкім байқамайды.

Қаңтардың 26-сы күні  күдіктінің өзі полиция қызметкерлеріне хабарласып, таныс досының ессіз жатқанын айтады. Дереу іске кіріскен полиция қызметкерлері оқиға орнын тексеріп, барлық айғақтарды жинап, кісі өліміне полицейлерді шақырған танысының қатысы бар екенін анықтап, қолға түсіреді. Қазіргі уақытта аталған 1970ж.т. күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси