USD
USD
USD

Ер адам араздасқан ауылдасының азық-түлігін ұрлап, үйін өртеп жіберді

ШҚО-да кек алғысы келген ер адам танысының үйін өртеп жіберді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ер адам араздасқан ауылдасының азық-түлігін ұрлап, үйін өртеп жіберді
Фото: NEGE.kz

Шығыс Қазақстан, NEGE. Наурыз айының ортасында Алтай ауданы ПБ кезекші бөліміне Заводская көшесіндегі үйдің жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оның иесі 58 жастағы жергілікті тұрғын екендігі анықталды.

Келтірілген залалдың сомасы 5 млн теңгеге бағаланды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде жедел-тергеу тобының қызметкерлері УПИ-мен бірлесіп күдіктінің жеке басын анықтап, оны дереу ұстаған.

Күдікке ілінге 58 жастағы аудан тұрғыны болып шықты. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында күдікті осыған дейін араларында кикілжің туған танысының үйінен шамамен 50 мың теңгенің азық-түлігін ұрлаған. Сонымен де тоқталмай, араздасқан танысының үйін өртеп жіберген.

Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 202-бабы 1-бөлігі (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) және ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Елші және Қасым-Жомарт Тоқаев

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Air Astana

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Әкесін ұрып-соққан

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды

тергеуші