USD
USD
USD

Ер адам әйелдің өлігін кілемге орап, аулаға тастап кеткен

Павлодар облысының полицейлері әйелді өлтірген ер адамды ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Ер адам әйелдің өлігін кілемге орап, аулаға тастап кеткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "17 қазан күні сағат 16.44-те Екібастұз қаласының полициясына "М.Жүсіп көшесі, 68 үйдің жанында кілемнен адамның аяғы көрінеді" деген хабарлама келіп түсті. Келген жедел-тергеу тобы үйдің кіреберісінде кілемге орап тастаған әйелдің мәйітін тапты. Кілемнің жоғары және төменгі жақтарын сыммен байлап тастаған. Әйелдің жансыз денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар екені анықталды. Полиция әйелдің жеке басын анықтады, ол Екібастұз қаласының 38 жастағы тұрғыны болып шықты", - деді Екібастұз қаласы Полиция басқармасының бастығы Қайыржан Шақарғалиев. 

Кісі өлтірді деген күдік бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Екібастұз қаласының тұрғыны, 1986 жылы туған ер адам ұсталды. Ол кінәсін мойындады. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Кісі өлтіру фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті УҰИ-ға қамалды.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов