USD
USD
USD

Эр-Риядта АҚШ пен Ресейдің келіссөздері өтті

Сауд Арабиясының астанасында АҚШ пен Ресей делегациялары арасында келіссөздер басталды, деп хабарлайды ТАСС.

АҚШ пен Ресей
Фото: ru.euronews.com

Алматы, NEGE. Эр-Риядта Украинадағы жағдай бойынша Вашингтон мен Мәскеу арасындағы келіссөздер басталды. Кездесу Астана уақыты бойынша сағат 12.00-ге жоспарланған.

Талқылау The Ritz-Carlton қонақ үйінде жабық форматта өтіп жатыр. БАҚ өкілдерін ол маңнан кетуді сұрады.

Бұған дейін АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майкл Уолтц келіссөздер барысында тараптар атысты тоқтату, бітімгерлік күштер, аумақтардың тиесілігі, тексеру жүргізу және басқа да мәселелерді талқылайтынын мәлім еткен.

Естеріңізге сала кетейік, ақпан айында Эр-Риядта украин мәселесі бойынша америкалық және ресейлік шенеуніктердің бес сағаттық келіссөздері өткен. Путиннің көмекшісі Юрий Ушаков келіссөздер «сәтті өтті» деп мәлімдеді. АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио кездесуді «ұзақ, бірақ маңызды қадам» деп атады.

23 наурызда Эр-Риядта АҚШ пен Украина делегацияларының келіссөздері өтті. Тараптар бірқатар маңызды мәселелерді талқылады. Қауіпсіздік және бейбітшілік тақырыптары назарға алынды. Украинаның қорғаныс министрі Рустем Умеров кездесудің нәтижелі болғанын айтты.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама