USD
USD
USD

Ер адам су астында 120 күн өмір сүріп, рекорд жаңартты

Германиялық ғарыш инженері Панамадағы су асты капсуласында 120 күн өмір сүріп, рекорд жаңартты. Бұл туралы The Guardian басылымы жазды.

р
Фото: Martin Bernetti/AFP/Getty Images

Алматы, NEGE. 59 жастағы Рудигер Кох 11 метр тереңдікте орналасқан капсуладан 24 қаңтарда шыққан. Барлығы су астында ол 120 күн немесе 4 ай өткізген. Су астынан шыққан соң инженер шампан атып, Гиннестің рекордтар кітабының өкілдерінің қатысуымен атап өткен. Осылайша ол 2023 жылы су астында 100 күн өткізген Джозеф Дитуридің рекордын жаңартты.

Рудигер Кох өмір сүрген капсула су астында жағалаудан шамамен 15 минуттық жерде орналасқан. Ауданы небәрі 30 шаршы метр, ішінде төсек пен жұмыс үстелі, интернет қосылған компьютер мен дәретхана бар.

Капсула құбырлар мен саты арқылы жоғарыда орналасқан екінші ғимаратпен байланысқан. Оның шатырына күн батареясы орнатылған екен. Төрт камера Кохтың іс-қимылын бақылап отырған. Осылайша ұйымдастырушылар оның күнделікті өмірін бейнеге жазып, бірде-бір рет сыртқа шықпағанын дәлелдеген.

Қазір оқып жатыр

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті