USD
USD
USD

Ер адам Алматы-Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол апатынан аман қалды

Алматы-Өскемен тасжолында Chevrolet Monza автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, тіркемесі бар Iveco жүк көлігімен соқтығысқан, деп хабарлады Полиция. 

Жол апаты
Фото: видео-скрин

Алматы, NEGE. Жол апаты бейнетіркеуішке түсіп қалған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, Chevrolet Monza автокөлігінің жүргізушісі басқаруға ие бола алмай, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кетіп, тіркемесі бар Iveco жүк көлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан жүк көлігі аударылып, қарсы бағытта келе жатқан Mazda автокөлігін басып қалған», – деп хабарлады Жетісу облысы полиция департаменті.

Сондай-ақ, сол бағытта келе жатқан Hyundai Sonata көлігінің жүргізушісі соқтығыспау үшін жол жиегіне шығып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Mazda және Chevrolet Monza көліктерінің жүргізушілері түрлі жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Қазір оқып жатыр

Қаржыдан мұнайға ауысу оңай емес. Кеңес Рақышев НЕГЕ борыштан көз ашпады?

Ракишев

Астанада жеке клиника басшысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды

скриниг

Тоқаев жақында тағайындалған Халық Кеңесі төрағасының орынбасарын қабылдады

Тоқаев, Жайсаңбаев

Құрылтай сайлауына 34,3 млрд теңге бөлінеді

ОСК