USD
USD
USD

«E-QONAQ» жүйесі арқылы 40 мыңға жуық турист тіркелді

Шымкент қаласына келуші қонақтар үшін ыңғайлы және жайлы жағдай жасау мақсатындағы жұмыстар жүйелі іске асуда.

«E-QONAQ» жүйесі арқылы 40 мыңға жуық турист тіркелді
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Биылғы жылдың мамыр айында Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы мен «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы арасындағы екіжақты келісім аясында «eQonaq» бірыңғай ақпараттық жүйесі қонақ үйлерде орнатылған болатын.

Ақпараттық жүйе арқылы мегаполиске келген туристер ертеректе атқарылғандай Көші-қон полициясына барып немесе «егов» порталына кіріп уақыт жоғалтпай, өздері тоқтаған қонақ үйде қызметкерлердің көмегімен немесе өз ықпалымен тіркеле алады. Бұл туристерді есепке алу, туристік ағынды талдау және көші-қон бақылауын жүзеге асыруға арналған жүйе. Бүгінгі күнге дейін базада 40 мыңға жуық шетел азаматы тіркелген.

Жалпы Шымкентте 120 орналастыру орны бар. Оның жетпісінде, атап айтсақ, қонақ үйлер, хостелдер және демалыс үйлері тәжірибеде қолданып келеді. Жыл соңына дейін барлық нысанға «eQonaq» бірыңғай ақпараттық жүйесін орнату жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек