USD
USD
USD

Эпштейн ісі бойынша Ұлыбританияның АҚШ-тағы бұрынғы елшісі ұсталды

Ұлыбританияның АҚШ-тағы бұрынғы елшісі Питер Мандельсон педофил Джеффри Эпштейнге үкіметтің құпия ақпаратын берді деп айыпталып отыр.

Питер Мандельсон
Фото: wikimedia/Commonwealth & Development Office

Астана, NEGE. Мандельсон 23 ақпанда қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікпен қамауға алынып, бірнеше сағаттан кейін кепілмен босатылды, деп хабарлайды BBC.

Полиция өкілдері 72 жастағы Мандельсонның қосымша тергеулер аяқталғанға дейін бостандыққа жіберілгенін мәлімдеген.

Осы айдың басында полиция «лорд Мандельсон министр болған кезде сотталған педофил Джеффри Эпштейнге мемлекеттік құпия ақпаратты берді» деген айыптауларға қатысты тергеп-тексеруді бастаған.

Мандельсон Ұлыбританияның АҚШ-тағы елшісі қызметіне 2025 жылғы ақпанда тағайындалған, бірақ қыркүйекте оның Эпштейнмен терең қарым-қатынаста болғаны туралы жаңа ақпарат шыққаннан кейін қызметінен босатылған.

Еске салсақ, бұған дейін III Чарльз корольдің інісі Эндрю Маунтбаттен-Виндзор ұсталғанын жазған едік. Ол да Эпштейнге құпия құжаттарды берген деген күдікке ілінген.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев