USD
USD
USD

Эпидемиологиялық ахуалды бағалаудың матрицасы қайта қаралды

Бүгіннен бастап денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы өзектендірілді, онда 100 мың тұрғынға шаққанда 7 күн ішінде орташа тәуліктік сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда емдеуге жатқызылғандардың тәуліктік көрсеткішіне қайта қаралды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.

Эпидемиологиялық ахуалды бағалаудың матрицасы қайта қаралды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Матрица қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ұлттық сарапшылардың және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының қатысуымен өзектендірілді. Матрицаны қайта қарау кезінде инфекциялық стационарлар мен қарқынды терапия бөлімшелеріндегі емдеуге жатқызу деңгейінен, халықты вакцинациялаумен қамту деңгейінен, инфекцияның таралуынан және коронавирустық инфекцияның айналымдағы нұсқаларынан ағымдағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау бөлігінде ДДҰ ұсынымдары ескерілді.

«Мәселен, жасыл аймақта - R репродуктивті санының көрсеткішіне қарамастан 2 500-ге дейін төсек-орын қамтылғанда, сондай-ақ 5 000-ға жуық төсек-орны қамтылғанда және R репродуктивті көрсеткіші 1-ден кем болғанда. Сары аймақта – шамамен 5000 төсек-орын және R 1-ден көп болғанда; немесе 5000-нан 10000-ға дейін төсек-орын және R 1-ден аз болғанда. Қызыл аймақ – 5000-нан артық төсек-орын қамтылса және R 1-ден көп болған кезде; немесе аурудың таралуына қарамастан, бірақ қамтылу 10000-нан астам болса – бұл жағдай қиын екенінің белгісі. Сырқаттанушылық  жоғары болуы мүмкін екеніне қарамастан, науқастардың 90%-ы амбулаториялық ем қабылдауда. Ауру жеңіл, орташа және ауыр түрде өтеді, бұл ретте өлім-жітім нөлге тең», - деп атап өтті спикер.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу