USD
USD
USD

Эпидемиологиялық ахуал қатты нашарлап жатыр

Германияның Денсаулық сақтау министрі Карл Лаутербах осы аптада эпидемиологиялық ахуалдың қатты нашарлағанын мәлімдеді.

Эпидемиологиялық ахуал қатты нашарлап жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Елде коронавирус бойынша көрсеткіштер күрт өсті. Омикрон штамының жеңіл нұсқа екені толығымен шындық емес», – деді К. Лаутербах брифингте баспасөз құралдарына. Германияда бейсенбі күні тәулігіне коронавирус жұқтырудың рекордтық көрсеткіші тіркелді, дәл сондай көрсеткіш – 252 836 жағдай 11 наурыз күні де тіркелген.

Сарапшылардың айтуынша, вирус жұқтыру жағдайлары шын мәнінде одан да көп болуы мүмкін. Себебі қазіргі кезде сынақ орталықтарының мүмкіндіктері шектеулі болып отыр. Алайда Германия осы жылдың 20 наурызынан бастап коронавирус бойынша шектеулердің біразын алып тастауды жоспарлап отыр. Алысқа жол жүретін пойыздар мен ұшақтарда маска тағу міндетті болып қалады.

Қазір оқып жатыр

Ресей, Қытай және АҚШ басшылары бейбітшілік туралы декларация қабылдады

Владимир Путин, Си Цзиньпин, Дональд Трамп

Петропавл жастары ЖИ көмегімен өңірдің экологиялық мәселелерін шешу жолдарын ұсынды

ЭкоХакатон қатысушылары

Өзбекстандық профессор Қазақстанда тыңшылық жасады деген айыппен 10 жылға сотталды

Икболжон Корабоев

«Қоластындағы қызметкерді жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген»: полиция полковнигіне 6 млн теңгедей айыппұл салынды

Данияр Мейірхан