USD
USD
USD

Эпидемиолог: Коронавирус әлемнің 60% халқына тарауы мүмкін

Қытайдан тараған коронавирус бақылаудан шығып кетсе, әлемдегі әрбір үш адамның екеуін зақымдауы мүмкін. Бұл туралы Гонконгтың жетекші эпидемиолог маманы, пофессор Габриэль Леунг айтты. 

Эпидемиолог: Коронавирус әлемнің 60% халқына тарауы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Уханьнан жайылған COVID-19 коронавирусы ауыздықталмаса, әлем халқының үштен екісіне немесе 60 пайызына жұғып, 45 миллион адамның өмірін жалмауы мүмкін» деп жазады The Guardian Габриэль Леунгтің сөзіне сілтеме жасап.

Жуыра ғана ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейус індеттің Қытай шекарасынан шығып кеткенін «айсбергтің ұшы көрінді» деп бағалап, әлем елдеріне қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттігін ескерткен еді.

Сондықтан қазіргі басты міндет – айсбергтің мөлшері мен формасын анықтау болып тұр. Сарапшылардың көпшілігі вирус жұқтырған әр адам оны шамамен 2,5 адамға таратады деп болжайды. Бұл қауіптің 60-80 пайызға күшейгенін білдіреді.

Әлем халқының 60 пайызы – орасан көлем, - деді профессор Габриэль Леунг Женевада өткен ДДСҰ сарапшыларының кездесуі барысында.

Оның пікірінше, басты мәселе – ғаламдық індеттің таралу қаупінде ғана емес, алдын-алу шараларының қалай жүргізіліп жатқандығында. Мәселен Қытайдың қалаларды оқшаулау мен карантиндік шараларды мұқият жүргізуі үлкен рөл атқарады. Егер бұл жұмыстардағы кемшілік жасырылса, онда індеттің таралуына тосқауыл қою қиындай береді.

Ғалым айтқан пікірдің ең қорқынышты жері мынау: «Әлемнің 60 пайыз халқы осы індеттен зардап шегуі мүмкін бе? Бәлкім олай болмайтын шығар. Ұшқындаған жалынның сөнуі де ғажап емес. Егер індет құйындай күш алса ше? Онда ол жолындағының бәрін жалмайды. Содан кейін барып қана өзі тыншиды».

Қазір оқып жатыр

Дастан Сәтбаев «Челсидің» ұсынысымен ұлттық құрамадан шеттетілді

Дастан Сатпаев

Ер адам Алматы-Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол апатынан аман қалды

Жол апаты

Шахтинскіде газ баллоны жарылып, 8 адам зардап шекті

.

Қосшыда жол жиегінен сәбидің денесі табылды

Сәби