USD
USD
USD

ЕО жасөспірімдерге арналған Comirnaty вакцинасының үдеткіш дозасын мақұлдады

Еуропалық Одақ реттеушісі 12 жастан бастап жасөспірімдерге арналған Comirnaty вакцинасының үдеткіш дозасын мақұлдады.

ЕО жасөспірімдерге арналған Comirnaty вакцинасының үдеткіш дозасын мақұлдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сонымен қатар, Еуропалық дәрі-дәрмектер агенттігі (EMA) 6-11 жас аралығындағы балаларды Moderna компаниясының Spikevax препаратымен вакцинациялау туралы өтінішін мақұлдауды ұсынды. Италия билігі 31 наурыздан бастап ковидке байланысты төтенше жағдай режимін ұзартпайды.

Атап айтқанда, елде қоғамдық орындарға бару үшін қажет болатын вакциналық рұқсаттамаларды кезең-кезеңімен алып тастау жоспарлануда. Бұл, ең алдымен, жәрмеңкелер, спорттық іс-шаралар, фестивальдар мен шоуларды қоса алғанда, ашық аспан астындағы бұқаралық іс-шараларға қатысушыларға қатысты болады. Нью-Дели билігі 28 ақпаннан бастап covid-19 вирусына байланысты шектеулерді алып тастай бастайды. Қалада коменданттық сағат тоқтатылады, сонымен қатар маскалар болмағаны үшін айыппұл мөлшері 1000-нан 500-ге дейін төмендетіледі. Үндістан астанасының Бас министрі Арвинд Кежривал атап өткендей, Нью-Дели мектептерінде күндізгі оқу 1 сәуірден бастап қайта басталады.

 

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық