USD
USD
USD

ЕО жасанды интеллектіні қолдануды реттеу туралы келісімге қол жеткізді

Еуропарламент, Еурокомиссия және ЕО мемлекеттерінің өкілдері үш күндік келіссөздерден кейін жасанды интеллект туралы заң бойынша саяси келісімге қол жеткізді.

ЕО жасанды интеллектіні қолдануды реттеу туралы келісімге қол жеткізді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Еуропада жасанды интеллект туралы әлемдегі алғашқы заң қабылдануы тиіс. Kazinform агенттігі бұл туралы DW-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Еуропалық Одақ жасанды интеллектіні (ЖИ) пайдалануға қатысты нормаларды қатаңдатады.

Тиісті ережелер (Artificial Intelligence Act) туралы Брюссельде 8 желтоқсан, жұма күні кешке Еуропарламент, Еуропалық комиссия және ЕО-ға мүше елдердің өкілдері үш күндік келіссөздерден кейін келісті.

Еуропарламент хабарламасында атап өтілгендей, заң жобасының мақсаты «Еуропадағы жасанды интеллект қауіпсіздігін, негізгі құқықтар мен демократияны құрметтеуді және бизнестің өркендеуі мен кеңею мүмкіндігін қамтамасыз етуге» бағытталған.

Еуропалық комиссияның 2021 жылдың сәуіріндегі ұсынысына сәйкес, жасанды интеллект жүйелері әртүрлі тәуекел топтарына бөлінуі керек. Қосымшаның ықтимал қаупі неғұрлым жоғары болса, оған қойылатын талаптар соғұрлым қатаң болуы тиіс.

Жасанды интеллекттің үлкен деректермен жұмыс істеуге үйретілген өте қуатты модельдері - базалық модельдерді реттеу мәселесі бойынша келіссөздер тоқтай жаздады, деп жазады dpa агенттігі. Көптеген басқа қосымшаларға негізделуі мүмкін ұқсас негізгі үлгілерге, мысалы, GPT кіреді. Германия, Франция және Италия реттеу негізгі технологияның өзіне емес, тек нақты ЖИ қосымшаларына қолданылуын жақтады.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар