USD
USD
USD

ЕО Ресейге қарсы санкцияны мақұлдады

2 ақпанда Мәскеудің Симоновский соты Навальныйдың шартты мерзімін нақты мерзімге ауыстырған еді. Еуроодаққа мүше 27 елдің елшілері ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйға байланысты Ресейге қарсы санкцияны мақұлдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

ЕО Ресейге қарсы санкцияны мақұлдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Cанкцияны енді еуропалық министрлер мақұлдауы тиіс. Бұл шектеу Навальдыйды тұтқындауға қатысы бар адамдарға салынады. Оларға адам құқығын бұзды деген айып тағылып отыр. 22 ақпанда Еуроодақ Кеңесі осы іске қатысты Ресей азаматтарына қарсы санкция енгізу туралы шешім қабылдады. Осыдан кейін одақ дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель Брюссель бір апта ішінде Ресей Федерациясына қарсы жаңа санкциялар дайындайтынын мәлім еткен еді. 2 ақпанда Мәскеудің Симоновский соты Навальныйдың шартты мерзімін нақты мерзімге ауыстырды. Оппозиционер «Ив Роше» ісі бойынша айыпты болып шықты. Навальный шартты үкімнен кейін 60 мәрте қоғамдық тәртіпті бұзды деп танылды. Енді ол колонияда 2 жыл 8 ай жазасын өтейді.

 

Қазір оқып жатыр

«Кәсіби маман»: Аида Балаева журналист Гүлнар Бажкеноваға қатысты пікір білдірді

Гүлнар Бажкенова

Астанада екінші әуежайдың құрылысы келесі жылы басталады

Астана әуежайы

Қазақстанда AI мамандарын даярлайтын жаңа университет ашылады

Жаслан Мәдиев

Жаңа ақпараттық жүйелерді әзірлеуге мораторий енгізілді – Мәдиев

комиссия