USD
USD
USD

ЕО мен НАТО Ресейдің шешімін қатаң сынға алды

  ЕО пен НАТО бірауыздан Ресейдің Донецк Халық Республикасы мен Луганск Халық Республикасының егемендігін мойындау туралы шешімін қолдамайтынын жариялады.

ЕО мен НАТО Ресейдің шешімін қатаң сынға алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Солтүстік Атлантика өңірінің басшылары мен Еуроодақ Мәскеудің бұл әрекетін қатаң сынға алып, Ресейге қарсы бірқатар санкциялар жарияланатынын хабарлады. Мәлімдемеде Еуропалық дипломатияның басшысы Жозеп Боррель Еурокомиссия президенті Урсула фон дер Ляйен мен Еуропа кеңесінің басшысы Шарль Мишель Ресейдің шешімін заңсыз деп бағалаған. Сонымен қатар Мәскеу халықаралық құқық пен Минск келісімін бұзды делінген. Жозеп Боррель Ресейге қолдау көрсеткендердің барлығына санкция жарияланатынын және Беларусь билігін де Украина аумағына әскерін кіргізетін болса Еуропа тарапынан шектеулерге ілінетінін ескертті.

Жозеп Боррель, ЕО сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі:

– Егер Ресей Беларусь аумағы арқылы Украинаға шабуыл жасаса, онда Беларуське қарсы санкциялар қабылданады. Бұл санкциялар Ресейге қарсы қабылданғандай қатаң болады.  

Брюссель Ресейге төтеп беру шараларын талқылау үшін Еуропалық Одақтың шұғыл саммитін өткізбек ниетте. Сарапшылардың пайымдауынша, «Солтүстік Ағын-2» жобасына  шектеулер қабылданып, секторлы санкциялар жариялануы бек мүмкін. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық ғалымдар сүйекке арналған отандық импланттар әзірлеп жатыр

Имплант

Мемлекеттен 350 млн теңге алып, өндіріс ашпаған: Астанада алаяқтық әшкереленді

Адам ұрлау

1,6 млрд теңгелік тендерді құжатсыз өткізбек болған шенеунік сөгіспен құтылды

Шенеунік

Қазақстаннан мұнай өнімдерінің кейбір түрлерін экспорттауға рұқсат берілмек

мұнай